Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Мемлекет басшысы Көкшетауда жылу электр орталығын салуды тапсырды

2019 жылдың 14 қараша 2019 14:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат  - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Көкшетауда өткен Ақмола облысын дамыту жөніндегі кеңесте облыс орталығында жылу электр орталығын салу мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Көкшетауда жылу электр орталығын салу туралы маңызды мәселе көтерілді. Біз бұл мәселеден айналып өте алмаймыз. Жылу электр орталығын салуды қолға алуымыз керек. Сондықтан мен Үкіметке осы мәселені қарап, оны халықаралық қаржы институттарынан несие тарту арқылы шешуді ұсынамын. Бұл - шамамен 200 миллион доллар. Бұл көп қаражат емес. Халықаралық қаржы институттары бұл қаржыны бере алады. Осы мәселені қарастырып, ұсыныс беріңіздер. Біз міндетті түрде Көкшетауда жылу электр орталығын салуымыз керек», деді Президент Ақмола облысын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Ақмола облысында жүр.

Жоғары қарай