Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

Мемлекет басшысы қиындыққа тап болған азаматтардың өтініш-тілегін ескерді

2020 жылдың 1 сәуір 2020 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындаған соң әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлімет береді. Бұл туралы онлайн брифингте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының кешегі үндеуі – халық үніне құлақ асатын мемлекеттік концепцияның табысты іске асып жатқанын және оның өміршең екендігіне айқын дәлел. Өздеріңіз білетіндей, үндеуде айтылған шаралар қазіргі уақытта қиыншылыққа тап болған азаматтардың, кәсіпкерлердің, ауыл шаруашылығы өкілдерінің өтініш-тілектерін ескерді»- дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Сондай-ақ, ол қазір аса күрделі уақытта тұрғанымызды айтты.

«Мемлекет басшысының үндеуі - экономикалық қана емес, идеологиялық астары да бар дүние. Осындай уақытта біз көзқарасымыздың, идеямыздың, ұлтымыз бен дініміздің әртүрлі екендігіне қарамастан біртұртас екенімізді түсінуіміз керек. «Біз біргеміз» деген бос ұран емес. Халқымызды талай қиындықтан аман алып шыққан өмірлік ұстаным. Мемлекет басшысы бізді бірігуге шақырып отыр. Халыққа деген қамқорлық үлгісін көрсетуде. Қазіргі уақытта еліміздің түгелге жуық өңірінде коронавируспен ауырғандар тіркелді. Көп аймақта карантин шаралары күшейтілді. Осы тұста әрбіріміз үйде болуымыз керек. Осы ережені неғұрлым тез, дұрыс ұстансақ, карантин уақыты соғұрлым тез аяқталады», - дейді ол.


Жоғары қарай