Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 379.75
EUR 415.18
RUB 5.78
CNY 54.19

Мемлекет басшысы қалалық жолаушылар тасымалы саласын реттеуді тапсырды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 14:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қалалық жолаушылар тасымалын ретке келтіруді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет қалалық жолаушылар тасымалы саласын тәртіпке келтіруге міндетті. Бұл өз кезегінде маңызды әлеуметтік мәселе. Осыны орындауға екі ай мерзім беріліп отыр», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бірыңғай бағдарламалық құжатты әзірлеуді тапсырды.

«Айқын мақсаттар, түсінікті міндеттер, оларды толықтай орындау – экономикалық өсімнің жаңа сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан Бірыңғай бағдарламалық құжатты әзірлеу қажет болып тұр, яғни формасы бойынша барынша ықшам, мазмұны бойынша терең құжат. Бұл тұрғыда ортамерзімді кезеңге Үкіметтің жұмыс жоспарына қатысты болып отыр. Аталған құжат Үкіметпен, Президент Әкімшілігімен, «Атамекен» ҰКП-мен 15 мамырға қарай дайындалуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай