Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Мемлекет басшысы Еуропа кеңесінің жаңа төрағасы Шарль Мишельді құттықтады

2019 жылдың 20 шілде 2019 14:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельді Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге Еуропалық кеңес төрағасы лауазымына сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады.

«Бүгінде біздің екіжақты қарым-қатынастарымыз тың серпін алды. Еуропалық кеңес Қазақстанның негізгі саяси және сауда серіктесі болып қала береді. Серіктестікті кеңейту және ынтымақтастық жөніндегі келісім, сондай-ақ, Еуропалық кеңестің Орталық Азия бойынша жаңартылған Стратегиясы тығыз қатынастарымыздың жаңа кезеңіне және өңірдің орнықты дамып, өсіп өркендеуіне кең жол ашады, – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельдің қызметіне табыс тілеп, Нұр-Сұлтан мен Брюссель арасында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге сенім білдірді.

Жоғары қарай