Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Мемлекет басшысы экономикалық жүйедегі жаһандық сын-тегеуріндерді атады

2019 жылдың 4 шілде 2019 16:31 1977

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Адами капиталды дамыту - бүгінгі күннің ең маңызды сын-тегеуріні. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік экономика өсіміне қатысты болжам нашарлап бара жатыр. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебіне сәйкес, өткен жылы әлемдегі тікелей шетелдік инвестицияның жалпы сомасы 27 пайызға, яғни 1,1 трлн долларға дейін төмендеді», - деді Мемлекет басшысы.

Дегенмен, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атап өтуінше, Қазақстан шетелдік инвестиция тартуды тұрақты ұстап қала алды.

«Өткен жылы шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 24,3 млрд долларды құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 16 пайыз өсімді көрсетті. Мұның барлығы - біздің өнімді күш-жігеріміз бен ұжымдық жұмысымыздың арқасында», - деді ҚР Президенті.

Дегенмен, Мемлекет басшысы алдымызда бірқатар қиындық тұрғанын баса айтты.

«Жаһандық еңбек нарығының трансформациясы - бүгінгі күннің ең негізгі мегатрендтерінің бірі саналады және қолданыстағы жүйеге ең үлкен сын-тегеурін болып тұр. Бүгінгі біздің кеңесіміздің мәні - адами капиталды дамыту. Адами капиталды дамыту бүгінгі күннің ең маңызды сын-тегеуріні саналады. Сондықтан сарапшылар мен практиктердің ой-пікірлерін есту - біз үшін өте қызық», - деп атап өтті Қ.Тоқаев.

 

 

Жоғары қарай