Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады.

2019 жылдың 7 тамыз 2019 22:06 168

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі үшін хоккейден 10-шы халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Аталған спорт додасы 7-11 тамыз аралығында «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін Мемлекет басшысы «Барыс» және «Ак Барс» клубтары арасындағы ойынды тамашалады.

***

Қазақстан Республикасы Президентінің кубогі – 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін жыл сайынғы маусым алдындағы шайбалы хоккей турнирі. Биылғы турнирге елордалық «Барыс» командасы мен қазандық «Ак Барстан» бөлек Ресей Федерациясынан – «Автомобилист» (Екатеринбург), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Салават Юлаев» (Уфа) клубтары қатысуда.



Жоғары қарай