Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 376.43
EUR 407.11
RUB 5.76
CNY 53.55

Мемлекет басшысы барлық мектептерге видеокамера орнатуды тапсырды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 13:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшыларына мектептер мен балабақшаларға толығымен видеокамера орнатуды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кейінгі жылдары балалар мен жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салу жағдайы көбейіп барады. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары да азаймай тұр. Үкіметтік емес ұйымдармен және сарапшылармен бірлесіп, мұндай теріс үрдістің алдын алу үшін шараларды қабылдау қажет. Осы мәселеге қатысты шетелдердің озық тәжірибесін қолдануға болады», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы өңір басшыларына биыл 100 пайыздық деңгейде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге бейнебақылау камерасын орнату жұмысын аяқтауды тапсырды. «Таразда болған оқиға – нағыз масқара» деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай