Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Мемлекет басшысы «Алтын сапа» мен «Парыз» байқауларының үздіктерін марапаттады

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 12:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық конкурсының бас жүлдесін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі марапат – сіздердің еңбектеріңізге мемлекет тарапынан берілген жоғары баға. Осындай игі бастама еліміздегі кәсіпорындарды дамытуға ерекше серпін беретіні анық, сондай-ақ отандық өнім өндірушілерді зор жетістіктерге ынтандандырады деп сенеміз. «Парыз», «Алын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» ұлттық конкурс жеңімпаздарын шын жүректен құттықтайтамын», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен, «Парыз» байқауының гран-при иегері ретінде «Еуразиялық топ» танылды. Мұнымен қоса, «Парыз» байқауының «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» аталымында алтын жүлденің жеңімпазы ретінде Қызылорда облысындағы «Абзал и К» компаниясы марапатталды.

Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Алтын Сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жоба» арнайы сыйлығы бойынша Қарағанды облысындағы «Бёмер Арматура» ЖШС марапат алды. Сонымен қатар, «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлығында Қызылорда облысындағы «СКЗ-U» ЖШС жеңімпаз болды.




Айта кетейік, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» 4 номинациядан тұратын «Парыз» байқауын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бері өткізіп келеді. Әр номинация үшін ірі, кіші және орта кәсіпкерлік субъектілері санаттары бойынша үш номинация беріледі.

Ағымдағы жылы конкурсқа қатысуға 446 өтінім келіп түсті, оның ішінде: 141 кәсіпорын – ірі кәсіпкерлік субъектілері болса, 305 кәсіпорын – шағын және орта бизнес субъектілері.

Бүгін түске дейін Асқар Мамин «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша жыл сайынғы байқауының жеңімпаздарына құрмет көрсетті.




Осы орайда «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымында ірі кәсіпкерлік субъектілері арасында С.М. Киров атындағы «Машина жасау зауыты» АҚ, «Үздік ұжымдық шарт» аталымында «АқсайГазСервис» АҚ, сондай-ақ «Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша «Байкен-U» ЖШС іріктелді.




Жоғары қарай