Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Мемқызметшілер жоғары лауазымға іріктеу конкурсының әділ өтетініне сенбейді - Анар Жайылғанова

2019 жылдың 24 шілде 2019 16:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен жылғы статистикаға сенсек, жоғары лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігі төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеген МҚІА төрағасы Анар Жайылғанованың айтуынша, аталған жағдайдың бір себебі - қызметкерлер осы байқаудағы іріктеудің әділдігіне сенбейді.

«Жеткілікті құқықтық реттеуге қарамастан, меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмай отыр. Жергілікті жерлердегі ахуалға егжей-тегжейлі талдау жасап, аталған тәжірибені жою бойынша шара қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтынын көруі керек», - деді ол.

Осы мәселені шешу үшін «E-kyzmet» жүйесі арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйені мемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Яғни, жүйе тағайындаудың барлық процестерін «қадағалауға» және заңсыз кадрлық шешімдер қабылдау, біліктілік талаптары, командалық жылжулармен манипуляция жүргізуге мүмкіндік бермеуі тиіс.

Анар Жайылғанова барлық жеке құрамға меритократия қағидатын сақтау, кадрлық ауысулардың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету - агенттіктің негізгі міндеттерінің бірі екенін еске салды.


Жоғары қарай