Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Мемқызметке қабылдау кезіндегі әңгімелесуді онлайн көрсету мүмкіндігі қарастырылуда

2019 жылдың 5 сәуір 2019 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде онлайн режімде үміткермен сұхбаттасу барысын жазып алу қарастырылып жатыр. Бұл туралы интернет-конференция барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режіміндегі интернет-конференцияда әкімшілік мемлекеттік лауазымды иеленуге конкурсты өткізу ережесіне сәйкес, әрбір кандидатпен сұхбаттасу барысы тиісті техникалық құралдарымен жазылатыны еске салынды.

«Қызметке тұру процесінің барынша ашықтығы тұрғысында конкурс жариялаған мемлекеттік ұйымның ресми сайтында сұхбаттасудың видео жазбасын орналастыру мүмкіндігі бар ма? Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде кандидатпен сұхбаттасудың тікелей эфирін жүргізу мүмкіндігі қарастырыла ма?», - деп сұрады Тимур Мұқашев есімді азамат.

Өз кезегінде Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметке іріктеуді жетілдіру шараларына тоқталды.

«Мемлекеттік қызметке іріктеу рәсімін ары қарай жетілдіру аясында, агенттік онлайн режімде сұхбаттасу барысын жазуды қамтамасыз етудің мүмкіндігін зерттеп жатыр. Дербес деректер және оны қорғау туралы заңнамасының талаптарын орындау қажеттігін ескере отырып, аталған мәселе өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе пысықталуда», - деді А. Шайымова.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Интернет,
Жоғары қарай