Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Мектептердің жартысына жуығы салынғанына 40 жылдан асып кеткен - Асхат Аймағамбетов

2019 жылдың 13 тамыз 2019 11:36 229

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы мәселеге байланысты Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әкімдіктерден қаржыландыру амалдарын қарастыруды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл 6 678 мектепте ағымдағы жөндеу жүргізілді. Күрделі жөндеуге келетін болсақ, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын апаттық мектептердің өсуін туындататын мектептерді жөндеу жұмысын толығымен қаржыландырмайды. Мектептердің 44 пайызы 1980 жылға дейін салынғанын ескере отырып, әкімдіктерден күрделі жөндеуге тиісті қаржыландыру амалдарын қарастыруын сұраймын», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, биыл 323 мектепке күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұл қажеттіліктің 45 пайызын ғана құрап отыр.

«10 тамыздағы жағдайға сүйенетін болсақ, жалпы күрделі жөндеу 129 мектепте аяқталып, 194 мектепте жалғасуда. Ақмола, Алматы, Атырау облыстарында жөндеу жұмыстарының аяқталмай қалу қаупі туындағанымен, Үкімет басшысың тікелей тапсырмасы бойынша бұл мектептерде қосымша жұмысшылар тартылып, олар 2-3 ауысымда жұмысты жалғастырып жатыр. Жалпы, менің өзім де біраз мектептерді аралап қайттым. Бақылау департаменттері де тексерді. Жалпы, жұмыс қарқыны жақсы. Осы мектептер 1 қыркүйекке дейін жұмыстарын аяқтайды деп есептейміз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин өңір әкімдеріне барлық білім беру ұйымдары жұмысты бастауға 100 пайыз дайын болуы керектігін тапсырған болатын.

Жоғары қарай