Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Мектепке қорғануға арналған баллонды алып кіруге тыйым салынады - ІІМ

2019 жылдың 7 тамыз 2019 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қорғану үшін шашатын газ баллондарын сатып алу ережесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Газ баллондарының түрлі санаты болады. Бұрышты, көзден жас ағызатын деген сияқты түрлері көп. Сондықтан, біз санатына қарай жіктейміз. Дүкен араласыңыз, түр-түрін көресіз. Бір бала мектепте баллон бүркіп, бүкіл оқушы уланған жағдайлар болған. Осындай оқиғалар болмас үшін мектепке баллон алып кіруге тыйым саламыз. Яғни, бұл азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Ең бірінші кезекте ешкім жарақат алмағаны керек. Ішкі істер министрлігінің басты міндеті де сол», - деді министр «Nur Otan» партиясының алаңында өткен азаматтарды қабылдау шарасынан кейін.

Ведомство басшысы өзін-өзі қорғау үшін сатып алынған қарудың көбі қылмысқа себепкер болып жатқанын айтады.

«Естеріңізде болса, біз травматикалық қаруға тыйым салған болатынбыз. Иә, олар еркін сатылып келді. Оны өзін-өзі қорғау үшін ғана ұстайды деген уәждер болған. Біз талдау жасап көрдік. Травматикалық қарумен 650 шабуыл жасалған. Арасында кісі өлімі де бар. Тек бір жағдайда ғана бұл қару өзін-өзі қорғау мақсатында қолданылған», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде қару сатып алудың жаңа ережесі күшіне енді. Енді азаматтар қару сатып алу үшін оны сататын дүкенде кәмелеттік жасқа толғанын дәлелдеу қажет. Сондай-ақ, сотталмағаны туралы және медициналық анықтамалар ұсынып, қару ұстаудың қауіпсіздік ережелерін білетіндігін дәлелдеуі керек.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Білім, ҚР ІІМ,
Жоғары қарай