Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Мектеп терезесінен құлаған оқушы: Оқиғаның қалай болғаны айтылды

2019 жылдың 11 қыркүйек 2019 16:36

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Гүлнәр Қожабергенова мектеп терезесінен құлап кеткен оқушы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл оқыс оқиға кеше болды. Біз тексеру жұмыстарын жүргіздік. Бұл жерде сабақ өткізіп жатқан мұғалім кінәлі. Қазақ тілі сабағы екі топқа бөлініп оқытылады. Сабақ аяқталған соң мұғалім, оқушыларды сынып жетекшісіне тапсыруға міндетті. Мұғалім сыныптан шығарда балаларды санамаған. Бала партаның астына тығылып қалыпты. Мұғалім сыныпты сыртынан жауып шығып кеткен. Ал сыныпта жалғыз қалған бала қорқып, терезеден секірген»,-дейді Гүлнәр Қожабергенова.





Қалалық білім басқармасының басшысы, бұл оқиғадан соң мектеп директорына сөгіс жарияланғанын айтты.

«Бұл мәселе біздің бақылауымызда болады. Ата-аналар балаларын бізге сеніп тапсырады. Бала мектепте болғанда, оның қауіпсіздігіне мектеп жауап береді. Бүгін мен мектеп директорына сөгіс жарияладым. Оқышылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, директордың бірінші функционалды міндеті»,-деп атап өтті басқарма басшысы.

Өз кезегінде, мектеп директоры сынып жетекшісі мен қазақ тілі пәнінің мұғаліміне сөгіс берді.

Бұғанға дейін, мектеп терезесінен секіріп кеткен бірінші сынып оқушысының денсаулығы туралы дәрігерлер айтқан болатын.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Оқиға, Алматы,
Жоғары қарай