Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Мектеп оқушылары өкшелі аяқ киім киюі керек - Бас санитар

2019 жылдың 1 тамыз 2019 18:33 275

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары - ҚР Бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин балаларды жаңа оқу жылына дайындау туралы кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әсіресе бас санитар мектеп формасын, аяқ киім мен оқушылар сөмкесін дұрыс таңдаудың маңызын түсіндірді.

«Мектепке қажетті құрал-жабдықтар баланың денсаулығына тікелей әсер етеді. Ондағы форма бала денесінің дем алуы үшін және аллергиялық реакция тудырмау үшін табиғи талшықтардан (жүн, мақта, зығыр, жібек) жасалған маталардан тігілуі керек. Негізгі талапқа сәйкес, табиғи талшықтар үлесі форманың сыртында - 35%, ішкі жағында - 100% кем болмауы тиіс», - деді Ж. Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, бас санитар балаларға өкшелі аяқ киім алып беруді ұсынды.

«Табиғи былғарыдан жасалған аяқ киімдерді таңдаған жөн. Күнделікті киюге кроссовки, кеды әперуге болмайды. Бастауыш сынып оқушылары үшін ортопедиялық табан, жоғары сынып оқушылары үшін - 4 см аспайтын өкше қажет. Себебі, өкшесіз аяқ киімді үнемі кигеннен түйетабан, омыртқааралық жарық пайда болуы мүмкін», - деді ол.

Әсіресе, спорттық аяк киімді баланың бейініне қарай таңдау керек. Егер ол жеңіл атлетикамен айналысса - дөңес боп тігілген аяқ киім ыңғайлы. Егер тенниспен айналысса - аяқ киім тегіс болуы керек.

Жоғары қарай