Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 38 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Мектеп бітірушілерге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі

2019 жылдың 18 маусым 2019 11:04 2198

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақпараттық парақ арқылы мектеп түлектері өз мамандығы бойынша қанша грант барын, қандай шекті балмен грантқа түсуге болатынын біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұрын мектеп бітірушілер тестілеуді тек маусым айынан бастап тапсырса, биыл түлектер қаңтар және наурыз айынан бастап тапсырды. Сондықтан, осы тестілеуге  оқушыларымыз жақсы психологиялық дайындықпен келіп отыр деп айта аламыз. Қаңтардағы тестілеуге 35 мыңға жуық, ал наурызда 80 мыңдай оқушы қатысты. Осы екі ҰБТ-да жалпы мектеп бітірушілердің 78 пайызы қамтылды. Оның 70 пайызы қазірдің өзінде ақылы негізде оқуға түсе алады», - деді министр Үкімет отырысында.

Асха Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, осы оқушылардың грантқа түсем дегендері маусым айында тестілеуге қатысып, өз білімін сынай алады.

«Екіншіден, колледж түлектеріне де жеңілдіктер жасалды. Олар бітірген мамандығы бойынша жоғарғы оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсем десе, ҰБТдан босатылып, тек емтихан тапсырады. Үшіншіден, «IELTS» халықаралық сертификаты бар түлектер «шет тілі» пәні бойынша тестілеуден босатылады. Оларға пән бойынша максималды бал (40 бал) автоматты түрде беріледі. ҰБТ-ға қатысушылардың арасында мұндай балалар саны - 708. Төртіншіден, әр бітірушіге ҰБТ сертификатымен бірге арнайы ақпараттық парақ беріледі. Онда мамандықтар тізімі, оған сәйкес бөлінген грант саны, сондай-ақ өткен жылғы грант конкурсының нәтижелері, яғни өту балы көрсетіледі», - деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың сөзіне сүйенсек, бұл талапкерлерге болашақ мамандығын дұрыс және алған балл деңгейіне сәйкес таңдауға мүмкіндік береді.

«Бесіншіден, осы жылы грант білім бағдарламаларының топтары бойынша беріледі. Грантқа құжат тапсырғанда талапкер білім бағдарламаларының тобы бойынша өтініш береді. Ал грант жеңіп алғаннан кейін оқу орнын және сол топтың ішіндегі нақты бағдарламаны тандайды. Мысалы, «Ақпараттық технологиялар» тобының ішінде «Информатика», «Ақпараттық жүйелер», «Big data» және тағы басқа нақты білім беру бағдарламасын таңдай алады. Бұл - өте ыңғайлы», - деді Асхат Аймағамбетов.

 

 

 

Жоғары қарай