Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» пәні енгізіледі - Сапарбаев

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 21:58

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Қазақстанда мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» атты пән енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев педагогтармен жүздесу барысында айтты.

Өскемендегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі саналатын №46 білім мекемесіне тоқтаған Үкімет басшысының орынбасары, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керектігін айтты.

«Оқушылардың терең білім ғана емес, эстетикалық тәрбие алуы да өте маңызды. Саналы ұрпақ табиғатты аялай білуі тиіс. Осы мақсатта келесі жылдан бастап мектептерге «Экология сағаты» пәні енгізіледі», – деді Бердібек Сапарбаев.

Есентай Айтұлы


Жоғары қарай