Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Мексикадағы құбыр жарылысының құрбандар саны 79-ға жетті

2019 жылдың 20 қаңтар 2019 22:20 723

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Идальго штатындағы жоғары қысымды құбыр жарылысында 79 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат El Universal газетіне сілтеме жасап.

Елдің денсаулық министрі Хорхе Алькосера кемінде 79 адам қаза тапты деп мәлім етті.

Басылымның жазуына қарағанда, соңғы мәліметтерге сәйкес жарылыстан зардап шеккен 81 адам медициналық көмекке жүгінген. Ал ауруханада қазір 66 адам жатыр.

Еске сала кетсек, жұма күні кешке Мексикада құбыр жарылып 66 адам қаза тапқанын бұған дейін хабарлағанбыз. Жергілікті тұрғындар жанармай ұрлау үшін жоғары қысымды құбырды заңсыз тескенде өрт шығып, артынан жарылыс болған. 

Перевод: Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай