Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Мексикада құбыр желісіндегі жарылыс құрбандарының саны 91 адамға жетті

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 06:26 626

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикадағы Идальго штатында құбыр желісінде болған жарылыс пен өрт салдарынан құрбан болғандардың саны 91 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті El Sol de Mexico басылымына сілтеме жасап.

Штат губернаторы Омар Файядтың сөзіне қарағанда, зардап шеккен 50 адамның жағдайы ауыр. Сондықтан көз жұмғандар саны «өсуі» мүмкін.

Еске сала кетсек, оқиға 18 қаңтарда Pemex компаниясының құбыр желісін заңсыз тескен орында болды. Жарылыс кезінде 350-ден астам жергілікті тұрғын аққан жанармайды канистрлеріне құйып алып жатқан. 

 

 

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Жоғары қарай