Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Мексикада белгісіз біреулер барда отырған бірнеше адамды атып кетті

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 17:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жексенбі күні кешкісін Мексиканың Табаско штатының орталығы Вильэросаның маңындағы барға бір топ қылмыскер шабуыл жасады. Салдарынан кем дегенде бес адам көз жұмып, алты адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Milenio газетіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, қарулы топ ғимаратқа кіріп келіп, сонда отырғандарға оқ жаудырған. Артынша іздерін суытқан. Билік өкілдері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Шабуылға жауапты қылмыстық топ әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, тамыз айының соңында Веракрус штатының Коацакоалькос қаласында «Ақ ат» барына шабуыл жасалып, 30 адам ажал құшқан еді.


Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай