Ауа райы
Нұр-Сұлтан 23 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Медициналық ұйымдар ақмолалықтарға 16 млрд теңгенің көмегін көрсеткен

2019 жылдың 25 мамыр 2019 08:31 656

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық медициналық ұйымдар тұрғындарға 16 миллиард теңгенің көмегін көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ Ақмола облыстық филиалының мәліметінше, 2019 жылдың басынан бері өңірдегі медициналық ұйымдар тұрғындарға көрсетілген медициналық көмек есебінен 16 миллиард теңге төледі. Төлемдер кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемін қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

«Бүгінгі таңда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ Ақмола облыстық филиалының жеткізіп берушілері кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша келісім-шарт сомасының  46,5 пайызын төледі. Жалпы, облыстың денсаулық сақтау саласына 40 миллиард теңге қарастырылып отыр.  Оның 34,4 миллиард теңгесі әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры трансферттері», дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ Ақмола облыстық филиалының Нұрлан Ахильбеков.

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде  56 медициналық ұйым, оның  23 жекеменшік облыс тұрғындарына қызмет көрсетеді.

«Тұрғындарға медициналық көмек жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Бөлінген қаржы медициналық мекемелердің шығындарын жабуға жеткілікті», деп атап өтті  Н. Ахильбеков.

Айта кету керек. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдан бастап, кепілдендірілген көлемнің тегін медициналық көмегінің қаржылық операторы және ҚР Үкіметі бекіткен шамада тұрығындар үшін медициналық қызметті сатып алады.

 

 

Жоғары қарай