Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 367.30
EUR 419.68
RUB 5.58
CNY 52.91

Медицина бойынша тегін білім алу: Жас мамандарға жаңа талаптар қойылады

2018 жылдың 29 маусым 2018 21:13 956

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медицина мамандықтарына грант берудің жаңа шарттары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда, бізде маман тапшылығы қатты байқалмайды. Тіпті, резерв те бар. Алайда кадр тарату жұмысы дұрыс жолға қойылмаған. Мәселен, бір мамандық бойынша тым көп адам дайындалса, енді бір мамандыққа адам жетіспейді. Содан нақты бір мамандықтар бойынша тапшылық туындап отыр. Мәселен, жалпы дәрігерлер, акушер-гинекологтар мен реаниматологтар жетіспей жатыр», - деді Е.Біртанов xалыққа есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің айтуынша, бүгінде тапшылық мәселесін шешу үшін тиісті шаралар қолға алынды. Соның ішінде мамандарды тарату, қажетті жерде дәрігерлерді ынталандыру және тағы басқа шаралар бар. Министрлік медицина бойынша тегін білім алған жастардың оқу ақысын өтеу тетігін де пайдаланады.

«Келесі жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарында мемлекеттік грантпен білім алғандар міндетті түрде оқуды өтейтін болады. Талап бойынша үш жыл мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеу керек. Біз тағы бір нормативтік құжаттарды рәсімдейміз. Соның негізінде жас мамандарды мемлекеттік мекемелерге жіберіп қана қоймай, нақты қай жерде маман тапшылық бар, сол жерге бағыттайтын боламыз», - деп атап көрсетті Е.Біртанов.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу кезінде министр фаст-фудты шектеуге қатысты пікір білдірді.  Бұдан бөлек, Астанадағы перзентxанада аналарынан айырылған екі нәрестенің жағдайы жайында айтып берді.  Жедел жәрдем мәселесі де сөз болды. Министрдің ойынша, жасанды ұрықтандыруды бюджет есебінен қаржыландырған дұрыс емес.  Жоспар бойынша туберкулезге қарсы жаңа препараттар тегін беріледі.  Сондай-ақ, министр медицина қызметкерлерінің жалақысын қалай көтеруге болатынын айтты. 

 

 

Жоғары қарай