Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Медеу шатқалында 100-ден аса көшет отырғызылды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 18:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Медеу шатқалында 100 көшет отырғызылды. Игі бастама қалалық жасыл экономика басқармасының жыл сайынғы «Саябақтар шеруі» табиғатты қорғау акциясы шеңберінде жүзеге асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖОО студенттері терек, үйеңкі, қарағай және қайың ағаштарының 100-ден аса көшетін отырғызды.

«Саябақтар шеруі» - ұлттық қорықтар мен саябақтарды қолдауға бағытталған халықаралық табиғатты қорғау акциясы. Ол жыл сайын өткізіледі және қоғамдық сипатқа ие. Сонымен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, қорықтарды, мемлекеттік өңірлік және ұлттық саябақтарды қолдау идеясы төңірегінде барлық табиғатсүйер адамдарды біріктіреді. Акцияның мақсаты - Алматының бірегей, өсімдіктер әлемінің байлығына, ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып есептелетін «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркіне тұрғындардың, қонақтардың және жастардың назарын аударту», - дейді ұйымдастырушылар.



null

Алматы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің» сарбаздары «Медеу» паркі қызметкерлерімен бірлесіп, өртке қарсы оқу-жаттығу өткізді. Таулы жерде шыққан өртті сөндіру жолдарын көрсетті. Барлық қатысушыларға тауда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салды.

Естеріңізге салсақ, «Jasyl Mеkеn» жалпықалалық акциясы шеңберінде 13 сәуірде 7 мыңдай ағаш отырғызылған болатын, ал сәуір айының басында Желтоқсан көшесінен Қожанов көшесіне дейін әл-Фараби даңғылының бойындағы жол бөлу жолағында 800-дей ағаш отырғызылды.

Жалпы, Алматы қаласы әкімдігі бастаған «Jasyl Mеkеn» жалпықалалық акциясының шеңберінде көктемнің соңына дейін қаланың барлық аудандарында 12 мыңнан астам ағаш егу жоспарланған.




null


null

Перевод Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай