Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 366.43
EUR 420.11
RUB 5.58
CNY 52.87

«Медеу Баспалдақ-2018»: 71 жастағы қария жеңімпаз атанды

2018 жылдың 24 қыркүйек 2018 02:42 520

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Медеу» шатқалындағы селден қорғау бөгетінде «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында дәстүрлі «Баспалдақ-2018» бұқаралық жүгіру жарысы 30-шы рет өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Жарысқа 1000-нан астам 7 жастан асқан кез келген әуесқойлар, отбасылық командалар қатысты. Олардың арасында ең үлкені 71 жастағы Владимир Гашута болды. Кезінде танымал спортшы болып, гиннес рекордына енген акробатшы биыл да кезекті жеңісіне қол жеткізіп, өз жас дәрежесінде (60-тан жоғары) 100 сатыны бірінші болып бағындырды.

- Мен осы шараға 1993 жылдан бері қатысып келемін. Бүгін 43-ші жеңісіме қол жеткізіп, қуанып отырмын. Әр жылдары әртүрлі қашықтықта жүргенмін, бірақ менің ұнататын қашықтығым - 200 баспалдақ. Осы шараға күнделікті дайындығыммен келдім. Өзім бір қалыпта болу үшін жиі жүгіріп, жаттығулар жасап тұрамын. Бұл жарыс мен үшін азарт», - деді Владимир Гашута.

Бұл қалалық жарыс 100, 200, 300, 500 және 841 баспалдақ бойынша әр түрлі жас айырмашылығы бойынша өткізілді. Қызықты өткен сайыс соңында барлық қатысушылар мен қонақтар «Galam live band» тобының жанды дауыста айтылған әндерін тыңдап, көңіл көтерді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер барлық жас ерекшеліктеріне сәйкес медал және сыйлықтармен марапатталды, ал белсенді қатысушыларға жарыс ұйымдастырушылары мен серіктестері атынан сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар жарысқа қатысқаны үшін сертификаттарға ие болды.

Аталмыш спорттық шара бұқаралық спорттың дамуына бағытталған «Спорттық Алматы» бағдарламасының аясында өткізілді.

 

 

Басты сөздер: Спорт, Алматы, Қоғам,
Жоғары қарай