Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Мәжіліс жастарды баспанамен қамтудың жаңа тетіктерін мақұлдады

2019 жылдың 24 сәуір 2019 13:21 883

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жастарды баспанамен қамтамасыз етуге қажетті түзетулер мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарына жұмыс істейтін жастар үшін қолжетімді баспана жүйесін дамытуды енгізу қарастырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі уәкілетті органды сатып алу құқынсыз жалға берілетін тұрғын үйді беру қағидаларын бекіту құзыретімен қамтамасыз ету ескерілген.

«Бұл түзетулер Елбасының тапсырамасы бойынша жұмыс істейтін жастарды жалға берілетін тұрғын үймен қаматамасыз ету үшін әзірленген тетікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында 2019-2025 жылдары Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастар үшін жыл сайын кемінде 1 мың жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарлануда. Жұмыс істейтін жастар үшін бұл жақсы мүмкіндік болып саналады», - деді Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов құжатты таныстыру барысында.

Қаралып отырған заң жобасының қабылдануы көпбалалы отбасылардың және жұмыс істейтін жастардың баспана мәселесін жедел шешу үшін заңнамалық негізді қалыптастырады.

Айта кетейік, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. 

Оның аясында «Алтын алқа», «Күміс алқа» алғандар немесе бұрын «Батыр ана», сондай-ақ бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» атағын алған көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасылар санаты үшін тұрғын үй алуға жеке кезек енгізу қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елордада, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, биыл «миллион тұрғыны бар қалаларда жұмыс істейтін жастар үшін 1 мың пәтер құрылысы басталатыны айтылған еді.

 

 

 

Жоғары қарай