Ауа райы
Нұр-Сұлтан 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Мәжіліс депутаттары бірқатар қылмыстық теріс қылықтарға жазаны жеңілдетпек

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:15 899

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары бірқатар қылмыстық теріс қылыққа жазаны жеңілдетуге ниетті. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомстволық комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

М.Магеррамов комиссия мүшелеріне Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған «ҚР Қылмыстық кодексіне және кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер санкцияларды жеңілдетуді, еркін айналымнан алынған заттар тізбесін кеңейтуді, кейбір  әрекетті қылмыстық теріс қылықтан алып тастап, әкімшілік құқық бұзушылық санатына жатқызуды көздейді.

«Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-тармағындағы кішігірім ұрлық үшін көзделген санкцияны жеңілдетуге қарай өзгертуді ұсынамыз. Қазіргі уақытта аталған баптың 1-тармағы үшін 80 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемді айыппұл қарастырылған. Ал тәжірибе 187-бап бойынша қылмыстық теріс қылық жасау барысында сот салатын айыппұлдан шығын көлемінің айтарлықтай аз болатынын көрсетіп отыр. Осыған орай, келтірілген шығынның 10 еселенген көлемінде айыппұл белгілеу арқылы жаза тағайындау бөлігінде өзгеріс енгізуді ұсынамыз», - деді М.Магеррамов.

Комиссия отырысына қатысқан ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов бұл заң жобасын Үкімет тарапы қолдап отырғанын, дегенмен кей мәселелерге қатысты ескертулер мен түзетулер бар екенін айтты.

 

 

Жоғары қарай