Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Мажар жастары Абай әндерін шырқады

2019 жылдың 13 тамыз 2019 09:22 1690

БУДАПЕШТ. ҚазАқпарат – Мажар жастары Будапештте қазақтың ұлы ақыны, философы Абайдың лирикалық әндерін шырқады, деп хабарлайды Мажарстандағы ҚР Елшілігіне сілтеме жасап.

Будапешт қаласында қазақтың ұлы ақын Абайдың 174-жылдығына орай шара өткізілді. Іс-шара барысында қазақ диаспорасының өкілдері мен мажар студенттері Абайдың тақпақтарын, қара сөздерін оқып, өлеңдерін айтты. Соның ішінде мажар жастары шырқаған «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде» әндері әсерлі шықты.

«12 тамызда Будапешт қаласында, қазақ халқының ұлы ақыны, философы, ағартушысы және қоғам қайраткері Абайдың 174-жылдығына орай Мажарстандағы ҚР Елшілігі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімін өткізді. Іс-шараға Елшіліктің қызметкерлері және олардың жанұя мүшелері, қазақ диаспорасының өкілдері мен студенттер, сондай-ақ қазақ тілін оқитын және қазақ мәдениетімен қызығатын мажар студенттер қатысты», делінген елшіліктің Facebook-тегі парақшасында.

Айта кетерлігі, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Нұрбах Рүстемов Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны жалғастырды. Елші ұлы ақынның «Көк тұман - алдыңдағы келер заман» өлеңінен үзінді оқыды.

 


«Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны Алматы қалалық  «Жас Отан» филиалының төрағасы Мәди Ахметовтен қабыл алып, Қазақстан Республикасының қоғам және мемлекет қайраткері Дариға Назарбаеваға жолдаймын», деді Нұрбах Рүстемов.

Еске салсақ, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алған болатын.

Айта кетерлігі ақынды ұлықтау челенджі халықаралық сипат алды.

Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: #Аbai175, ҚР СІМ,
Жоғары қарай