Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Мәулен Әшімбаев: Қазақстандықтарды тілі мен дініне қарай кемсітуге жол берілмейді

2020 жылдың 27 ақпан 2020 11:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда азаматтарды тіліне, дініне немесе әлеуметтік жағдайына байланысты кемсітуге жол берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтып берді.

«Елдегі бейбітшілік пен келісім мемлекет үшін маңызды басымдық болып қала береді. Бәлкім, қандай да бір мақсаттар мен міндеттер күн тәртібінен түсуі мүмкін. Бірақ, мемлекеттік органдар үшін ұлтаралық келісімді, бейбітшілік және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау - әрқашан басты міндет саналады, оны іске асыруға мемлекеттің барлық ресурсы бағытталады. Әрине, елімізде көптеген мәселелер бар. Бірақ, сонымен бірге, бейбітшілік пен келісімнің де біздің дамуымыз бен азаматтардың қауіпсіздігінің негізгі факторлары екенін түсінеміз.», - деді М.Әшімбаев елордада этносаясаттың өзекті мәселелері туралы дөңгелек үстелде.

Оның айтуынша, этникааралық қарым-қатынастар саласы мемлекеттік саясаттың негізі болып қала береді.

«Қазақстан азаматтарын тіліне, дініне немесе әлеуметтік жағдайына байланысты кемсітуге жол бермеу тұрақты конституциялық норма болып қала береді. Азаматтарымыздың беделін түсіруге, соның ішінде этникалық белгілерге сәйкес кемсітуге бағытталған кез келген әрекетті тиісті органдар қатаң түрде тоқтатады», - деді М. Әшімбаев.

Бұған дейін Мәулен Әшімбаев Қордай ауданында болған қайғылы оқиғалар жөнінде пікір білдірген еді.


Жоғары қарай