Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Мәскеуде Астананың сәулетіне арналған халықаралық конференция өтті

2018 жылдың 29 маусым 2018 19:27 80

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде Қазақстанның бас қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған бірқатар шаралар өтіп жатыр. Солардың бірі - Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің алаңында өткен Астананың сәулет және қала құрылысы саясатына арналған Халықаралық конференция. 

Шараның мақсаты - сарапшылар мен ресейлік және халықаралық жұртшылыққа жаңартылған астананы, оның жетістіктерін, іскерлік және туристік әлеуетін таныту.

Конференцияға Ресей мен Қазақстанның қала құрылысы саласындағы мамандары шақырылды. Олар Астананың қалыптасуының ерекше тарихымен, елорданың бүгінгі жай-күйімен, танымал нысандарымен және 20 жыл аралығында жеткен жетістіктерімен бөлісті. Сондай-ақ, келген қонақтар Қазақстан астанасының келешек дамуы мен инвестициялық әлеуетін талқылады. 



 

Жоғары қарай