Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Мәскеуде 39 елді велосипедпен шарлаған Талғат Жұмабековпен кездесу өтті

2019 жылдың 25 сәуір 2019 10:02 573

МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Мәскеуде әлемнің 39 мемлекетін велосипедпен шарлаған қазақтың белгілі велосаяхатшысы Талғат Жұмабековпен кездесу өтті. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің ресми сайтында хабарланды.

56 мың шақырым қашықтық, әлемнің 39 мемлекеті. Бұл - Талғат Жұмабековтің 4 жылда жүріп өткен жолы. Ол 2015 жылдан бері жер-жиһанды велосипедпен аралап жүр. Мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, ел танып, жер көру.

Т.Жұмабеков әлемнің қай шаһарына барса да, туған жері Қазақстанды жарнамалап жүреді. Мәскеудегі қазақ диаспорасымен және жергілікті жұртпен кездескен велосаяхатшы өз сапарлары жайлы әңгімелеп, арнайы  түсірілген шағын бейнероликтерін көрсетті.

null 

Еуропа, Азия және Африканың біраз жерін шарлаған ол алдағы уақытта әлемнің өзге де құрлықтарына барып, велосаяхат туралы «Distance» деп аталатын деректі фильм түсірмекші.

null 

«Бұрындары өз саяхатыма қатты мән бермейтінмін, көбінесе жалғыз жүрдім. Енді өзім жайлы, өзімнің сапарларым туралы фильм түсіргелі отырмын. Яғни, жаныма режиссер алып, велосипедпен Оңтүстік және Солтүстік Американы аралаймыз және оның барлығын таспаға түсіріп отырамыз», - деді велосаяхатшы.

 







 

Басты сөздер: Қоғам, Спорт, Ресей,
Жоғары қарай