Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Мас күйінде көлік айдаған алматылықтар жазаға тартылуда

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 19:06

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда мас күйінде рульге отырған жүргізушілер көлік басқару құқығынан айрылып, қамауға алынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда түнгі рейд шаралары басталды. Шұғыл-профилактикалық шаралар барысында арақ, есірткі және түрлі токсикологиялық заттар пайдаланып, көлік айдаған жүргізушілер ұсталып жатыр.

«Түнгі кезекшілік кезінде Түрксіб ауданында Nissan көлігін тізгіндеген жүргізуші тоқтатылды. 44 жастағы ер адам мас болған. Медициналық тексеру кезінде оның есірткі пайдаланғаны да расталды. Әкімшілік хаттама толтырылды. Ал Алмалы ауданында мас күйінде көлік айдаған 22 жастағы жігіт ұсталды. Медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін ол әкімшілік жазаға (айыппұл) тартылды. Медеу ауданында сыра зауытында жұмыс жасайтын жүргізуші орта деңгейлі дәрежеде мас күйінде көлік тізгіндегені анықталды. Алматы ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен рейд кезінде ұсталған жүргізушілердің барлығы әкімшілік іс бойынша айыпты деп танылып, 7-8 жылға көлік айдау құқығынан айрылды, сондай-ақ 15 тәулікке қамалды»,- деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай