Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Маңғыстаулық 750 жас Түркияда оқитын болды

2019 жылдың 13 қараша 2019 12:02

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаулық 700-ден аса студент қызмет көрсету саласы бойынша Түркияда білімін жетілдіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студенттер қонақ үй, мейрамхана, туристік қызмет көрсету, тамақтану саласында даярлықтан өтеді. Әрі қарай әлемге танымал «Rixos» қонақ үйлер желісінде тағылымдамаға жіберіледі.

Айта кетейік, Ақтаудан 20 шақырым қашықтықта ірі демалыс кешені салынып жатыр. Онда 5 жұлдызды қонақ үй, ірі аквапарктер, ойын-сауық орталықтары орналасады. Арнайы дайындықтан өткен мамандар осы демалыс кешенінде қызмет етеді.

«Оқуға жіберілетін студенттер іріктеледі. Арнайы мамандар таңдап алады. Бастысы, оқуға жігері бар, Ақтаудағы қонақ үйде қызмет ететін үздік мамандар даярланады. Мысалы, аспаздар, даяшылар, бақша күтушісі, техникалық қызмет көрсетушілер. Алды осы желтоқсанда кете бастайды, олар оқуын мамыр айында аяқтайды»,-дейді «Fine Otel Turizm Isletmecilik» компаниясының өкілі Терджан Тансел.

Жоғары қарай