Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Маңғыстауда жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат таратқан 5 оқиға тіркелді

2019 жылдың 12 наурыз 2019 22:55

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Соңғы 2 жылда Маңғыстау облысында жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған ақпарат тарату бойынша 5 факті тіркелген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің xабарлауынша, 2018 жылы 2 дерек тіркелген. Жалған ақпарат таратқандар ұсталып, ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабы бойынша жауапқа тартылған.

Осыған орай, құзырлы орган өкілдері қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті сақтау мақсатында тұрғындардан жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Террорлық сипаттағы жалған ақпарат таратқандар ұсталған жағдайда 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Жаза 14 жастан бастап қолданылады. Егер кәмелет жасына толмаған бала таратқан болса, барлық жауапкершілікке ата-анасы тартылады.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2016-2018 жылдар аралығында келіп түскен 339 анонимді xабарламаны тексеру үшін мемлекеттік бюджеттен 43,3 млн теңге бөлінген.

Жоғары қарай