Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Маңғыстауда тұрғындар ерекше көбелекті кездестірді

2019 жылдың 14 шілде 2019 18:14

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Тұрғындар көшеде гүлге қонып жүрген үлкен көбелекті кездестіріп, Facebook желісіне жүктеген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кейбір желі қолданушылары колибри құсы ұшып келген деп пікір білдіруде.

Көлемі 50 мм-дей болатын көбелекті Түпқараған ауданы, Сығынды ауылының тұрғындары бейнетаспаға түсіріп алған.

Олар колибри құсы болуы мүмкін деп болжаған.

Дегенмен, бұл құс емес, көбелектер тұқымдасына жатады (лат. Sphingidae). Алғаш көргендер тропиктік колибриге қатты ұқсатуы әбден мүмкін, деп жазған мамандар. Олардың жіңішке тұмсықтары, шалт қимылдары ғана емес басқа да көптеген ұқсастықтары баршылық.

Колибри көбелегі ұзын тұмсығы арқылы гүл шырынымен қоректеніп, осы арқылы өсімдіктерді тозаңдандыруға септігін тигізеді.

Жалпы, бұл көбелек сағатына 50 шақырым жылдамдықта ұша алады. Табиғатта 1000-ға тарта түрі бар.

Жоғары қарай