Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Маңғыстауда шөл далада адасқан аққулар табылды

2019 жылдың 10 шілде 2019 17:42

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстаудың шөл даласынан бір топ аққу табылды. Ен далада шөлден әлсіреген құстарды Боранқұл ауылының тұрғыны байқаған, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол аққуларды үйіне әкеліп, суармақ болғанымен олар адам қолынан су ішпепті. Құстарға маманның көмегі керегін түсінген тұрғын дереу құзырлы органдарға хабар берді. 10 аққудың 4-еуі өз бетінше ұшып кеткен. Тағы 3-еуі шөлге шыдамапты. «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің инспекторлары қалған 3 аққуды Ақтау қаласына әкеліп, «Қаракөл» көліне жіберді.

"Жол бойы су шашып аққулардың жағдайын қарап отырдық. Тамақтандырып, су беріп. Табиғатта көмегін тигізгендей жол бойы жаңбыр сіркіріп тұрды. Келген аққулардың денсаулығы мен көңіл-күйі жақсы", - дейді Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи паркі "Көлеңкелі" қаумалының басшысы Ізжан Қалқанов.

Жоғары қарай