Маңғыстауда нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Маңғыстау облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
28 қыркүйек күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Солтүстік- шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдығы - 90-95%.