Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Маңғыстауда құдыққа құлаған 2 бала аман қалды

2019 жылдың 10 шілде 2019 16:36

АҚТАУ. ҚазАқпарат - 1 және 3 жасар екі бүлдіршін үй ауласындағы құдыққа құлап кетіп, суға тұншығып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абырой болғанда екі бүлдіршінді де дәрігерлер аман алып қалды.

МО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 жасар сәби кеше сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыр халде жеткізілген.

«2018 жылы туған сәби «суға тұншығу» диагнозы бойынша түсті. Ата-анасының айтуынша, бала Сайын Шапағатов ауылында орналасқан үйдің ауласындағы су толы құдыққа құлап кеткен»,-делінген хабарламада.

Ал, екінші осыған ұқсас оқиға Мұнайлы ауданында болған. Облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ауыр халде жеткізілген бүлдіршін 2016 жылы туған.

«Оған да «суға тұншығу» диагнозы қойылған. Дәрігерлер дереу жансақтау бөліміне алып кетті. Бала 1 күн бойы ес-түссіз жатты. Қазір жағдайы тұрақталған. Ата-анасы баланы құдықтың ішінен тауып алған. Қанша уақыт онда жатқанын білмейді»,-дейді баспасөз қызметі.

Автор Ләйлім Әлім
Басты сөздер: Оқиға, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай