Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Маңғыстауда 40 жастағы екі әйел Жаңаөзендегі науқастан коронавирус жұқтырған

2020 жылдың 10 сәуір 2020 10:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында тағы екі адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

Маңғыстау ауданы Шетпе ауылындағы аудандық ауруханада коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы екі адам тіркелді. Екі науқас та - 40 жастағы әйел.

Олар Жаңаөзен қаласында 8 сәуір күні вирус анықталған 1974 жылғы әйелмен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалынған болатын.

Диагностикалық зерделеу нәтижесінде екеуінен де COVID-19 анықталды. Бекітілген протокол бойынша ем шаралары жасалып жатыр.

Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Індет аумағы залалсыздандырылып жатыр.

Айта кетейік, бүгінгі ақпарат бойынша Қазақстанда 802 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде Маңғыстауда 9 науқас бар.

Ақтауда - 5

Жаңаөзенде - 2

Маңғыстау ауданында - 2.


Жоғары қарай