Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Маңғыстауда 120 отбасы баспаналы болды

2019 жылдың 18 қазан 2019 16:40

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қарақия ауданы Құрық ауылында 120 отбасы пәтерлі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әрқайсысы 24 пәтерлі 5 үй «Нұрлы жер» бағдарламасымен салынған. 4 қабатты үйдің құрылысы 2018 жылы сәуірде басталған.

«Әр пәтерде 2 бөлме бар, олардың аумағы әртүрлі, 53 шаршы метрден 55 шаршы метрге дейін. Тұрғын үйге 835 млн тг жұмсалды. Қаражаттың 10 пайызы - жергілікті бюджеттен, 90 пайызы - республикалық бюджеттен бөлінді. 5 үйдің жалпы аумағы - 6755 шаршы метр»,-дейді Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Гүлмира Қылаубаева.

Баспана әлеуметтік көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілген.

Игі шараға қатысқан облыс әкімі Серікбай Трұмов тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

«Игілікті істің куәсі болып отырмыз. Биыл Маңғыстауда 1 млн 200 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді. Құрық ауылының бас жоспарына сәйкес, балаларға білім беретін мектеп салуды жоспарлап отырыз. Сумен қамту, кәріз жүйелерін тазалау бойынша жобаларымыз бар. Құжаттары жасалуда. Мұнай іздеу бойынша да жоспарлар жоқ емес. Тағы бір компания құрылып, іске кірісіп жатыр»,-деді Серікбай Трұмов.

Баспана алған тұрғынның бірі, көпбалалы ана Күләш Өмірзақова толқып тұрғанын жасыра алмады.

«Қуанышымда шек жоқ. 2009 жылы пәтер кезегіне тұрған едім. 10 жылдан соң баспанаға қол жетті. Аналық алғысымды айтамын. Отбасымда 6 бала тәрбиелеп отырмын. Кішісі 1-сыныпқа барады, үлкені - 20 жаста»,-деді көпбалалы ана

Келесі жылы Қарақия ауданы Жетібай ауылында 144 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарланып отыр. Жобалық-сметалық құжаттары дайындалған.













Жоғары қарай