Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Маңғыстау тұрғындарының 6%-ы атаулы әлеуметтік көмек алады

2019 жылдың 6 тамыз 2019 22:54

АҚТАУ. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысы халқының 6%-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарында, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

МО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қуаныш Берішбаевтың айтуынша, өңірде 707 742 адам тұрады. Оның 6%-ы атаулы әлеуметтік көмекке зәру. Оның ішінде Мұнайлы ауданы бойынша кедейшілік шегінен төмен өмір сүретіндер саны 11%, Бейнеу ауданы бойынша - 10%. Маңғыстау ауданы бойынша - 7%-ды құрап отыр.

«Біз бұған дейін де айтып жүрміз, атаулы әлеуметтік көмек алатындарды тұрақты жұмысқа орналастырып, сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысу үшін біржолғы төлемдер беру арқылы кедейшілік шегінен шығарып жіберу шараларын алуымыз керек»,-дейді Қуаныш Берішбаев.


Жоғары қарай