Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 361.15
EUR 414.71
RUB 5.53
CNY 52.07

Маңғыстау стоматологиялық орталығында 33 миллион теңгеге томограф орнатылды

2018 жылдың 24 қыркүйек 2018 03:37 332

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда шығарылған Sirona GALILEOS компьютерлік томографы стоматология саласында жүз пайыздық тексеріс өткізуге мүмкіндік береді. Аппараттың құны 33 млн теңгеден асады. Құрылғы өңір компанияларының бірінің қаражатына сатып алынған, деп хабарлайды Lada.kz.

Орталық директоры Қуат Машырықовтың айтуынша, дәрігерлер диагностика өткізу барысында  тек 40 пайызды қамтып көрсететін рентгеннің көмегіне жүгінген.

«Стоматологиялық орталықтың дәрігерлері әлдеқайда жақсы көрінетін, үш өлшемді суретпен жұмыс жасай алатын болды. Бұл стоматологиялық емді тиімдірек өткізуге көмектесіп, орталықтың мүмкіндіктерін ұлғайта түседі. Тексерілетін мүшенің кішкентай бөлігінен сәуле өткізіліп, зерттеу жасалады. Нәтижесінде сәулелендіру деңгейі төмен, мүмкіндігі жоғары үш өлшемді суретті көреміз. Аталмыш зерттеу хирургиялық оталар (тіс имплантациясы) кезінде аса маңызды. 18 жасқа дейінгі балалар тегін қабылданады», - деді Қуат Машырықов.

Құрылғыны Орталық дәрігерлері оқудан өткен соң қазан айында іске қосу жоспарланған.

Қуат Машырықовтың айтуынша, орталыққа күн сайын қаланың 600-ге жуық тұрғыны келеді екен. Балалардың 75-80% тісжегіден зардап шегетін болып шықты.

 

 

Басты сөздер: Медицина, Маңғыстау облысы,
Жоғары қарай