Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

«Манчестер Юнайтед» жаттығуға келмеген шабуылшыға 435 мың еуро айыппұл салды

2019 жылдың 7 тамыз 2019 18:24 168

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтед» басшылығы команданың бельгиялық шабуылшысы Ромелу Лукакуды жаттығу базасына келмегені үшін жазалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Mirror-ге сілтеме жасап.

4 тамыз күні Ромелу 2009-2011 жылы өзі ойнаған «Андерлехта» клубының базасынан көрініп қалды. Келесі күні бельгиялық футболшы «қызыл сойқандардың» жаттығуына келуге міндетті болған. Клуб Лукакадан түсінік беруін талап етті, әзірге жауап ала алған жоқ. Жаза ретінде футболшыға 435 мың еуро айыппұл салынды. Бұл – осындай тәртіп бұзушылық үшін салынатын ең жоғары мөлшердегі айыппұл.

Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай