Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

МӘМС:  Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін өз мәртебесін анықтауы тиіс

2020 жылдың 26 ақпан 2020 18:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өз мәртебесін анықтауы тиіс. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін елдегі барлық тұрғындар МӘМС аясында мәртебесіне қарамастан медициналық көмек ала алатын. Ал 1 сәуірден бастап бұл қызметті толық көлемде алу үшін сақтандыру жасау керек», - деді Т.Әбілдаев.

Брифинг барысында Алматыда 48 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғаны айтылды. Бұл санат үшін медициналық сақтандырудың 2 түрі қарастырылған.

«Бүгінде олар ең төменгі жалақының 5 пайызын (2125 теңге айына) төлесе болады. Немесе бірыңғай жинақтық төлем аударса жеткілікті. Яғни ол қала тұрғындарына 1 АЕК-ті (2651 теңге) құраса, ауыл тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1326 теңге)», — деді ол.





Қазақстандықтар МӘМС салымын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, 25 екінші деңгейлі банк және 7 интернет-банкинг порталы арқылы төлей алады.

Тұтынушылар медициналық мекемеге бармас бұрын өз мәртебесін e-gov порталындағы Telegram-боттың көмегімен немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайттарындағы сілтемелерге өту арқылы біле алады.


Жоғары қарай