Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 352.54
EUR 415.15
RUB 5.31
CNY 51.53

Мамандар дауыл кезінде оқыс жағдайға тап болмас үшін қандай кеңес береді

2018 жылдың 22 мамыр 2018 19:12 608

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы бүгінгідей дауыл соққан жағдайда оқыс жағдайға тап болмас үшін мамандар қандай кеңес береді. Бұл жайлы елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева өзінің фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайсыз ауа райы (дауыл кезінде - авт.) мамандар халықты келесі алдын алу шараларын ұстануды ескертеді. Нақтырақ айтқанда, қатты жел соққан жағдайда үйде немесе пәтерде терезені нықтап тұрып жабу керек. Сонымен бірге, терезе салынбаған балконнан немесе лоджидан қатты жел кезінде сыртқа ұшып кетуі ықтимал барлық заттарды үйге кіргізген абзал», - делінген хабарламада.

Ал егер дауыл соққан жағдайда сыртта болсаңыз, жарнама тақташаларынан, өзге де ілініп тұрған құрылымдардан, электр желілерінен, ағаштардан қашықта жүрген дұрыс. Қайғылы жағдайдан сақтану үшін барынша қырағы болған абзал. Бұған қоса үзілген сымдарға немесе шайқалақтаған заттарға жақын жүрмеу керек.

Қатты жел соққан жағдайда жақында орналасқан ғимараттардың бірінде (дүкен, кітапхана, сауда орталығы, үйдің подъезі, кинотеатр) сауғалаған дұрыс. Жел басылғанша сол жерден шықпау қажет.

Сонымен бірге, мамандар ағашқа жақын көлікті қалдыруға болмайтынын ескертеді. Әсіресе, шіріген немесе жалғыз өскен ағаштардан аулақ жүрген абзал.

Еске сала кетсек, Астанада бүгін қатты дауыл соғып, бұршақ аралас жаңбыр жауды. Осының салдарынан Түркістан көшесіндегі құрылыс алаңындағы кран мен Бейбітшілік және Келісім сарайы ғимаратының керамограниті құлап, Арнасай 127 көшесіндегі тұрғын үйдің, № 24 орта мектептің, Үркер шағынауданындағы Е- 638 көшесіндегі №91 балабақша шатыры ұшып кеткен. Сонымен қатар, 13 адам жедел жәрдем қызметін шақыртқан.

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Астана, Ауа райы, Оқиға,
Жоғары қарай