Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Малайзия 1 қыркүйектен бастап елден ұшып кететіндерге салық салады

2019 жылдың 7 тамыз 2019 16:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Малайзия билігі 1 қыркүйектен бастап елден ұшып кететіндерден алынатын қосымша салық түрін енгізді. Қаржы министрі Лим Гуан Энг қол қойған қаулыда жаңа салықтың сомасы да белгіленді. Бұл туралы The Straits Times басылымы жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Малайзия Бруней, Вьетнам, Индонезия, Камбоджа, Лаос, Мьянма, Сингапур, Таиланд және Филиппинмен бірге Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығына (АСЕАН) мүше. Осы елдердің біріне эконом-класпен ұшатындардан ең аз мөлшерде алым алынады - 8 ринггит ($1,9). Қызмет көрсету деңгейі жоғары кластармен ұшатындар 50 ринггит ($11,9) төлейді.

Ал АСЕАН-ға мүше емес елдерге саяхаттайтындар эконом-класс үшін 20 ринггит ($4,7), бизнес-класс үшін - 150 ринггит ($35) төлейді.

Малайзия Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, 2 жасқа толмаған балалар салықтан босатылады. Бұдан бөлек, транзит арқылы ұшатындардың Малайзияда болу уақыты 12 сағаттан аспаса, оларға да бұл салықтың қатысы жоқ.

Малайзия туризм дамыған елдердің бірі саналады. Былтыр Корольдікке 25,8 млн шетелдік турист саяхат жасаған.

Басты сөздер: Әлем, Туризм,
Жоғары қарай