Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Мақтаарал диқандары қауын-қарбыздарын шетелге экспорттауда

2019 жылдың 13 тамыз 2019 16:57 92

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Жыл сайын маусым кезінде Мақтаралдан күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Прибалтика, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса қарбыз еккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұрыннан балдай тәттілігімен, ерекше үлкендігімен танымал болған «Мырзашөл» қауынын экспортқа ыңғайластырып, бүгінде облыстағы бірнеше аудандардың диқандары жаппай егіп жатқан «Жиенбет», «Валеть» сияқты т.б. қауынның сорттарын жасап шығарды.



Жаңа сорттардың дәмі тіл үйіреді және тасымалдауға төзімді, яғни ұзақ жолға бейімделген. Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауын сыяды. Жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары диқандар үлкен табыс тауып, күллі Ресей мен Еуропаның бірнеше елдерінің нарығына кіріп отыр.



Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, дәмхана, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Алдағы уақытта көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылады.



Осылайша қауын-қарбыз бизнесі Мақтаарал ауданында тұтас бір индустрияның дамуына жол ашып отыр.





Жоғары қарай