Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 38 °С
валюта бағамы
USD 384.39
EUR 431.71
RUB 6.11
CNY 55.88

Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары пара беру кезінде ұсталды

2019 жылдың 19 маусым 2019 10:31 2508

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары пара беру кезінде ұсталды.

Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер қызметкеріне қолхат арқылы бұлтартпау шарасы қолданылған.

«Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар жүргізу барысында пара беру үстінде Мақтаарал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды. Қазіргі кезде Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ал, Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы тарапынан осы жәйтке байланысты қызметтік тергеу жалғасып жатыр», делінген хабарламада.

 

 

Жоғары қарай