Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Максим Споткай: Қазаққа алғыс айтқың келсе, қазақша сөйле

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 12:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай латын әліпбиіне оралу – тіл бұзар бөгде ережелердің ықпалынан құтылу үшін қажет деген пікірде. Бұл туралы латын әліпбиіне арналған жалпыұлттық диктант барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақ тілін қолдау, қазақ тілін одан әрі нығайту – сөзсіз, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының ең маңызды мақсаттарының бірі. Қазіргі таңда жастар арасында «Мен қазақша не үшін сөйлеуім керек» деген сұрақ туындап жүр. Сондай сұрақ қоюшыларға өз пікірімді жеткізгім келеді. Ашығын айту керек, қазақ еліне, қазақ жеріне келген ата-бабаларымыздың өмірін сақтап қалған қиын-қыстау заманда бауыр болған қазаққа шын ниетпен алғыс айту – бұл құр сөзбен емес, нақты іспен болуы керек. Қазаққа алғыс айту – қазақ тілінде еркін сөйлеу деп қабылдауымыз керек. «Қазаққа шынымен риза болсаң, қазақша сөйле» деген ұстаным бәрімізге ұран, өмірлік қағида болуы тиіс. Біздің қозғалыс осы бағыт бойынша жұмыс істеп жатыр», - деген жастар қозғалысының басшысы латын графикасына оралу тілдік реформаның бастауы деген ой айтты.

«Дәл қазіргі тарихи сәтте қоғамда келісімді нығайту процесін басқа деңгейге шығаратын уақыт келді. Ол деңгей мемлекеттік тілмен тікелей байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақ тілі мемлекетті тіл ғана болып қалмай, ұлтаралық қатынас тілі болуы керектігін өз Жолдауында айтты. Латын әліпбиіне оралу процесінің негізгі мақсаты бір әріптердің орнына басқа әріптерді әкелу ғана деп ойламауымыз керек. Мұндағы ең басты мақсат - тіл бұзар орыс тілі ережесінің ықпалынан құтылу. Бұл тілдік реформаны дәл осылай қабылдауымыз керек. Яғни, бұл қарапайым транслитерация емес, бұл толық мағынадағы ауқымды реформа», - деді қоғам белсендісі.


Жоғары қарай