Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Notice: Undefined offset: 1 in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/application/views/Lenta/section_articles.php on line 18
Кенжеболат Жолдыбай: Бізге ұлт мұрасына ие болатын ұқыпты ұрпақ керек  НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда  Тұңғыш Президент Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі - саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Қайрат Байбосынов: Әншілік - менің ең басты бақытым НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» еңбегінің  бір бөлімі «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы» аталады. Онда Елбасы «Дала фольклорының антологиясын» жасап, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажеттігін алға тартқан болатын. Мұндай маңызды туындылар негізінен қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай және басқа да дәстүрлі музыкалық аспаптарымен орындалады. Осы тұста қазіргі заманғы дәстүрлі әндердің негізін қалаған классик, әйгілі әншіміз Қайрат Байбосынов  Қазақ хандығының 550-жылдығына 550 әнді жазып таспаға түсіргенін айта кеткіміз келеді. Оны «Сыр сандық» деп атаған. Оның бір ерекшелігі көпшілік ешқашан естімеген, бұрындары еш жерде орындалмаған  әндер де жинаққа енген. Осыған байланысты ардақты әнші Қайрат Байбосынов пен журналист Махат Садықтың әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.
Ғарифолла Есім: Абайды оқыған, тоқыған адам қиянатшыл болмайды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтерілген. Мақалада «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы» делінген. Осы орайда академик, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есіммен сұхбатты ұсынамыз.
ары қарай
Жоғары қарай