Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Магистратура емтиханының алғашқы күнінде 434 смартфон тәркіленді

2019 жылдың 10 тамыз 2019 19:38 148

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан бойынша магистратураға түсу үшін емихандары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

10-15 тамыз аралығында өтетін магистратура емтихандары елдегі 27 бекетте ұйымдастырылады. Биыл елеміз бойынша 30579 адам магистратура гарантына үміткер ретінде өтініш тапсырыпты.

«Биылғы емтихандарға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бастамасымен ашықтық пен адалдықты қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, Adal Bilim жобалық кеңсесінің өкілдері мен қоғам белсенділерінен тұратын арнайы мониторингтік топтар бақылаушылар ретінде тартылды. Өңірлерге Білім және ғылым министрлігінің өкілдері жіберіліп, апелляциялық комиссиялар құрылды. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету пунктері ұйымдастырылып, тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді. Ал ерекше мұқтаждығы бар үміткерлерге жеке көмекшілер мен сурдо-аудармашылар ұсынылатын болады», – делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратында.

Агенттіктің хабарына сенсек, кешенді тестілеу 169 аудиторияда өтеді. Барлық аудиториялар ұялы байланыс сигналдарын сөндіргіш құралдармен және бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша тестілеу 3 пункте өтіп жатыр. Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да бірінші лекте 591 үміткер қатысып жатыр. Тестілеуге кіргізу кезінде 434 смартфон тәркіленді.

Жоғары қарай