Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

«Маған бұл ұнамайды»: Еркебұлан Сейдахмет өзін Мессиге теңейтіндерге жауап берді

2019 жылдың 6 сәуір 2019 16:51 1148

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы мен болгарлық «Левсидің» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан мен Ресей журналистері қойған «Қазақстандық Месси» атауына қалай қарайтынын айтып берді. Бұл жайлы Sports.kz хабарлайды.

«Мен Қазақстанда үлкен жұлдызбын деп айта алмаймын. Иә, жанкүйерлерім мені жақсы көреді, менің әр ойынымды бақылап отырады және менің оларға деген алғысым шексіз. Менің туған елімде «Левси» және мен жайлы көп жазылады, маған бұл ұнайды. Ал менің «Қазақстандық Месси» атауыма келсек, оны жанкүйерлерім емес, БАҚ ойлап тапты. Олар бір жолы маған сондай айдар тақты, сол күйі қалып қойды. Алайда, мен Месси емеспін, мен Еркебұлан Сейдахметпін. Маған бұл теңеу ұнамайды», - деді футболшы  Diema Sport-қа берген сұхбатында.

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай